Ләйлә Сұлтанқызы өзінің жиырма жыл бұрын қандай болғанын көрсетті (видео)

15 ноября 2018, 19:22
0 1

Ләйлә Сұлтанқызы көпшіліктің өтінішімен өзінің жиырма жыл бұрынғы келбетін көрсетті. Салмағы 80 келіден асатын тележүргізушінің келбеті желі қолданушыларының қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы. Фото:от 123ru.net

Ләйлә Сұлтанқызы. Фото:от 123ru.net

Рассказать Вконтакте

Тележүргізуші естеліктерімен Instagram парақшасында бөлісті.

"Қателеспесем, ең алғашқы сұxбатты 1997 жылы Мақпал Жүнісовадан алыппын. "Мақпал апай, Мақпал апай, маған сұxбат беріңізші" деп артынан жүгіргенім әлі есімде. Салмағым 80 мен 90-ның ар жақ, бер жағы. Бұл видео "Бұрынғы Ләйләні сағындық" дегендер үшін. Ол кезде Бақыттың әйелі атанып, екі балалы болатынымды кім білген", - деді тележүргізуші.

Ал желі қолданушылары Ләйла Сұлтанқызының жиырмы жыл ішінде қатты өзгермегенін жарыса жазды.

"Сол кездегіден аса өзгермегенсіз ғой", "Толық болған сізге жарасады", "Бұрын да әдемі болғансыз", "Жыл өткен сайын құлпыра түскенсіз", "Қалай арықтадыңыз?", "Дауысыңыздан бірден тануға болады", "Сізді бұрыннан жақсы көреміз ғой" деп пікір білдірді.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Ләйлә Сұлтанқызы өзінен 12 жас үлкен күйеуі жайлы айтып, ел арасындағы қауесетке нүктеқойды.