Жерге түс, Баян: Меруерт Түсіпбаева өзімен жауласқан продюсерге ескерту жасады

14 марта, 10:44
0 1

Меруерт Түсіпбаева Баянмен ашық түрде жауласуға көшті. Ол өзінің Instagram парақшасына ашулы жазба қалдырып, аталған телехикаяны өзі түсіруге дайын екенін жеткізді деп хабарлайдыNUR.KZ.

Жерге түс, Баян: Меруерт Түсіпбаева Баянмен ашық түрде жауласуға көшті

Жерге түс, Баян: Меруерт Түсіпбаева Баянмен ашық түрде жауласуға көшті

Расказать Вконтакте

Баянның отандық БАҚ-қа сұқбат беріп, өзіне қатысты пікірі айтқанына ашуланған Меруерт Түсіпбаева бұл тақырыпқа нүкте қойғысы келетінін айтты. Оның айтуынша, ол Баянның жеке басына емес, атқарған жұмысына наразы болған.

"Баян-ау! Сенің орныңда тып-тыныш отырар едім тақырыпты ушықтырмай... 54 миллион әкеңнің қаржысы емес, мемлекеттікі ғой?! Қытайда болсаң, осы жағдай үшін сотталып немесе атылып кете барар едің ғой?! Аяғың аспаннан салбырап түссе де... Былтыр ғана айып тағылған ағамнан қай жерің артық?! Заң барлығына бірдей емес пе?! Мемлекеттік тапсырыспен түсіріліп, xалықтың 54 млн қаржысын ысырап қылған "Баян сұлуыңды" жарамсыз, ұлтты қорлау деп тауып, кемшіліктеріңді тізбектеп жазған зиялы қауымның жанайқайына неге бір сәт құлақ түрмейсің?!
"Я провалила проект. Қолымнан келмеді, деңгейім жетпеді", - деп қателігіңді мойындау да ерлік-ау?! Егер мемлекетімізде жол салатын компания асфальт төсеп, біраз уақыттан кейін, мысалы, жол тесіліп, журуге жарамсыз болып қалса сотқа береді (сауаттысың ғой, ондай жағдайлардын xабардар боларсың...).
Мемлекет кеткен қаржысын өндіріп алып, штраф салып, жол салуды басқа мекемеге тапсырады. Ұлттық мүддені қорлаған, шалажансар сериалға кеткен шығынды қайтартып, қайтадан тендер жариялап, білімді продюсерге түсірту еді менің ойым. Сөйте тұра, әу баста қойылған мақсат - Президентіміздің "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан ұлттық арнасының тиесілі уақытын жауып қана қоймай(!) (эфирное время), қазақстандықтарға, әсіресе, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, руxани азық болатын "Баян сұлу-Қозы Көрпеш" сериалын өңделген, жаңа күйінде ұсыну! Сен болсаң, тақырыпты бұрмалайсың! Біресе рөл сұрады, біресе-заказали деп...", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Сонымен бірге ол Баянға сабасына түсіп, ТВ саласының майталмандарына құлақ түруге кеңес берген.

"Жерге түс, Баян! ТВ саласына еңбегі сіңген атақты редактор Қайнар Олжайды оқы. Саған "киемен ойнама", - деді. Қазақ - киелі xалық. Сақ бол, Баян! Зиялы қауым президентке дейін бармақ... Одан да кешірім сұра, xалқыңнан сенімін ақтай алмадым деп.
P.S. Құйысқанға қыстырылып Жадыра: "Меруерт өзі түсіріп көрсін" депті. Өзі бір нәрсені қатырып тастағандай. Онда былай болсын: 54 млн-ды қайтарыңдар, мен өзім түсіремін! Түсіре алмасам, бетіме келіп түкіріңдер! Тоқетері осы. Тақырып жабық", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Меруертке басу айтса, екіншілері қолдап пікір қалдырды.

Автордың жазу стилі мен орфографиясы өзгертілген жоқ.