Сәкен Майғазиев концертіне келген жұртты жарты сағат далада күттіріп қойды (фото)

08 марта, 11:50
0 1

Танымал әнші кеше Республика сарайында жеке шығармашылық кешін өткізді. Қатарынан үш концерт берген Сәкен Майғазиев уақытты есептеуді ұмытып кеткен секілді, сағат тоғыз жарымға билет алған қонақтар далада жарты сағат бойы күтуге мәжбүр болды. Жаңбырлы күні далада тұрып ашуға басқан әншінің тыңдармандары Республика сарайының есігін итеріп, арты айқай-шуға ұласты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әншінің шығармашылық кешіне келген тыңдарман

Әншінің шығармашылық кешіне келген тыңдарман

Осыдан біршама уақыт бұрын желіде концертіне ерекше шақырту жасап, жұртты таңғалдырған Сәкеннің кеші ақыры айқай-шумен аяқталды. Қатарынан үш концерт бермек болған әнші тыңдармандарының ашуына тиді. Соңғы концерт билетте жазылған уақыттан бір сағатқа кешігіп басталды. Қонақтар далада жарты сағат бойы күтуге мәжбүр болды.

"Бүгін қатарынан үш концерт өткізуге тура келді, себебі сарай ертен бос емес екен. Сондықтан амал жоқ, бүгін барлығын бірге өткізуге тура келді. Соңғы концерттің уақыты тым кеш әрине, дегенмен тойда тоғыз жарымда басталады ғой!", - деді Сәкен.

Көрерменін көп күттірген әнші олардан кешірім сұрады.

Әншінің шығармашылық кешіне келген тыңдарман

Әншінің шығармашылық кешіне келген тыңдарман

Концерттің осынша уақыт кеш басталуынын себебін әншінің көмекшісі түсіндіруге тырысты. Оның айтуынша, сағат жетіде келуге тиіс болған қонақтар қырық минутқа кешігіп келген.

"Бірінші концертке адамдар өздері кешігіп келді, ал біз зал толық толмайынша концертті бастай алмаймыз", - деді ол.