Өз әйелін қамауға алған Орал тұрғыны зорлық бойынша айыпталуда

02 декабря, 11:33
0 1

Орал қаласының тергеу соты 28 қарашада өз әйелін кепілге алған Ерлан Исламғалиевті екі айға қамауға үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделя» сайтына сілтеме жасап.

әйел

Тексеру жұмыстары біткенше Ерлан Исламғалиев қайда болатынын тергеу соты бүгін шешті. Полиция сотқа күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы - 261-бабы, 2-бөлігі «Тұтқындау және ұстау», сондай-ақ сексуалдық зорлық-зомбылық туралы бап бойынша айыптауларды шығарды.

Сот отырысы жабық түрде өтті. Облыстық сотының баспасөз қызметі тексеру жұмыстары аяқталғанша күдіктінің екі айға қамауда болатынын хабарлады.

Айта кетсек, 1978 жылғы Ерлан Исламғалиев 28  қарашада әйелін алты сағат қамауда ұстап, оны пышақпен және жарылғыш затпен қорқытқан. Полициямен бірнеше сағат сөйлескеннен кейін ғана әйелін босатуға келіскен.