Интимді фотолары тарап кеткен көкшетаулық әйел полицияға шағымданды

08 ноября, 16:56
0 1

Көкшетауда жергілікті тұрғындардың бірі полиция бөлімшесіне жүгінген. Әйел өзінің суреттері мессенджерлерде тарап кеткеніне шағымданған. Суреттегі жазбаға зардап шегушінің интимді қызмет көрсететіні жазылған деп хабарлайды "NewTimes.kz" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым хабарламасында суреттен бөлек, 36 жастағы қала тұрғынының жеке нөмірі де көрсетілгені айтылған. Келіншек тәртіп сақшыларына хабарлама туралы білген бетте, бірден жүгінген.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу барысында зардап шегуші туралы жеке мәліметтерді Сандықтау ауданы маңында орналасқан ауылдың 32 жастағы тұрғыны таратқанын анықтаған.

Сондай-ақ әйелдердің бұрын таныс екені, олардың арасында қызғаныштың кесірінен жанжал шыққаны анықталыпты. Осындай жолмен күдікті зардап шегушіден кек алмақ болған.

Полиция дербес деректерді таратқан деп күдіктелген әйелдің кінәсін мойындағанын хабарлады.

Құқық қорғау органдары жеке ақпаратты таратқаны үшін құқық бұзушыларға 16 АЕК көлемінде айыппұл немесе 40 тәулікке қамау жазасы қарастырылғанын еске салды.