Нұр-Сұлтан вокзалында полицейлер мүгедек қызды қинаған

06 ноября, 20:17
0 1

А.С. Мурашова (1-ші топтағы мүгедек бала кезінен) мен Нұр-сұлтан қ. теміржол вокзалындағы ЖІІБ қызметкерлері арасында орын алған оқиға бойынша полиция қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттілігін асыра қолдану және олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты, билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактілері бойынша 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Бас көлік прокуратурасы қадағалау тәртібінде қылмыстық істердің материалдарын зерделеп, істің барлық мән-жайларын толық және объективті тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар берді.

Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылануда.