Алматыда есірткі дайындайтын зертхана табылды

28 октября, 13:04
0 1

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті синтетикалық есірткілерді дайындайтын жасырын есірткі зертханасын тапты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны қылмыстық іс бойынша ұсталды.

Зертханадан 2 кг жуық синтетикалық есірткілер (балама түрде 2 мың дозаға жуық) және 526 литр прекурсорлар алынып, олар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ал дайын психотропты заттарды сату Telegram және VIPole мессенджерлеріндегі интернет-дүкендері арқылы жүзеге асырылған.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша Департаменті ҚК 297-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.