Мұғалімнен 150 мың теңге пара алған мектеп директоры ұсталды

09 октября, 13:08
0 1

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Өнер мектебі" ҚМКМ директорына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

Ол "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қолөнер оқытушысын жұмысқа орналастырғаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.