90 млн пара алған "Қазгидромет" шенділері 10 жылға сотталды

11 июля, 16:05
0 1

Ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінген РМК "Қазгидрометтің" Қарағанды облыстық филиалының экс-басшысы Роман Андрианов пен РМК "Қазгидрометтің" бас директорының орынбасары Нүркен Сұлтановтың ісі бойынша сот шешімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотының судьясы Әділхан Шайхисламов шенеуніктерді жемқорлыққа байланысты кінәлі деп таныды.

"Сот Сұлтанов Нұркен Қайырбекұлын Қылмыстық кодекстің 366 бабы 4 тармағы бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Андрианов Роман Ивановичті сот қылмыстық кодекстің 366 бабы 4 тармағы бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды", - деді үкім шығарған судья Шайхисламов.

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ, жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда қызмет атқаруға тыйым салынады.