Жамбыл облысында полицейді өлтіріп, өртеп жіберген

10 июля, 14:47
0 1

Жамбыл облысының Шу ауданында Қордай аудандық полиция бөлімі полиция қызметі майорының өртеніп кеткен денесі табылды.

Майордың жүрек тұсына пышақ салынған.

Бейтаныс әйел телефонмен Жайсан ауылының маңында адам денесін көргенін айтқан.

Артынша көрсетілген жерге жедел топ қызметкерлері келіп, әріптесінің өртеніп кеткен денесін көрген. Бұл Қордай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастырушылық-сараптамалық жұмыс тобының инспекторы, полиция қызметінің майоры 30 жастағы Бағдат Мәмілеев болып шықты.

Полицейді анықтауға ерекше белгісі де көмектескен - ол үш жыл бұрын жол апатына түсіп, жарақат алған екен, денеде сол жараның ізі бар.

Оның жеке куәлігі мен қызметтік куәлігі тұлғасын куәландырды.

Сонымен қатар құжаттар жатқан пакетте ұялы телефон, қуаттандырғыш, аздаған ақша, джинсы шалбар, екі жейде және ауыстыратын киімдері болған. Заттар салынған пакет мүрдеден 10 метр жерде жатқан.

Полицейдің өліміне ұрлық немесе қарақшылық себеп болуы мүмкін емес. Керісінше жағдайда, қылмыскер ұялы телефон мен ақшаны ұрлап кетер еді.

 ktk.kz