Түркістан облысында үш қызға зәбір көрсеткен өгей ана сот алдында жауап берді

13 июня, 21:35
0 1

Түркістан облысында үш қызға жәбір көрсетті деп айыпталған өгей ана сот алдында жауап берді.  Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот ісі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау" және "Кәмелетке толмаған адамды әдейі азаптау" бабы бойынша қаралуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады.

Бірінші бап бойынша, 28 жастағы әйелге 160 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе 40 күнге қамалуы мүмкін. Екінші бап бойынша, 3 жылдан 7 жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр.

Жетісай ауданында жас келіншек үш өгей қызына қорлық көрсетіп, небір азғындық әрекеттер жасаған. Қыздардың саусағының ине тығып, денесін қайшымен тескен. Басынан ұрып, аяусыз жазалап отырған. Тіпті дұрыс атқармаған міндеті үшін қандай жаза алатынын қойын дәптеріне тізіп шыққан еді.

Мұғалімдері оқушы қыздардың денесінен жарақат ізін көрген бойда полицияға хабар берді. Полиция тергеу жүргізуі барысында өгей ананың азғындығы анықталды.

Келесі сот отырысы 17 маусымда өтеді. Айыпталушы әйел жүкті. Оның босанатын уақыты да жақын қалды.

Stan.kz