Өгей қыздарын қорлаған әйел сот алдында жауап берді

13 июня, 15:58
0 1

Жұртты іс — әрекетімен шулатқан өгей ана сот алдында жауап берді. Сот процесі Түркістанда қаралып жатыр.

Айыпталушы ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша сұралып жатыр. Аталмыш баптарға сәйкес ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық Жетісайда 28 жастағы әйел үш үрімдей қыздарға қорлық көрсеткен еді. Ол қорлық тәсілдерін арнайы дәптерге жазып жүрген. Оқушы қыздардың денесіндегі соққыдан қалған іздерін байқаған мектеп ұстаздары тисті органға хабарлап, былықтың бетін ашуға септігін тигізген болатын.

Қоғамда резонанс туғызған оқиғадан кейін өгей ана шұғыл түрде үй қамағына алынды. Оның кәмелтке толмаған баласының бары сот санкциясында ескерілген. Қорлық көрген үш қыз Шымкентке арнайы оқшаулау орталығына алынған.

Кезекті со отырысы маусымның 17-сіне тағайындалған. 

kz.otyrar.kz