Эльмира Суханбердиеваның не үшін ұсталғаны белгілі болды

06 июня, 17:45
0 1

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның не үшін ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот санкциясымен білім және білім вице-министріне күзетпен ұстау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Ол қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

"Бірақ бір нәрсені атап өткім келеді, вице-министрге қатысты тергеу қылмыстық кодекстің 361-ші, 364-ші және 366-ші баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сотпен шығарады", - деп түйіндеді Бастарова.