Алматыда бөгде адамдардың атынан несие алған алаяқ іздестіріліп жатыр

06 июня, 14:33
0 1

Алматы полициясы куәлігін жоғалтқан адамдардың мойнына несие ілген алаяқты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында ер адам өзгелердің жеке куәлігін пайдаланып, екінші деңгейлі банктерде 2 млн теңгеден аса несие рәсімдеген. Жапа шеккендердің көпшілігі жеке куәліктерін жоғалтқан болып шықты. Бұл адам туралы ақпаратты білетін жандар болса 254-48-00; 54-48-03; +7-708-337- 85-17 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз», - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.