Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды

06 июня, 11:24
0 1

ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды.

«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиеваны 2 тамызға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды» деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні еліміздің білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған болатынбыз. Істі жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның өкілдері жүргізіп жатыр.

 24.kz