Алматылық полицейлер елді тақырға отырғызған алаяқтарды іздеуде

12 октября, 20:35
0 1

Алматы қаласының Ішкі істер басқармасы Бостандық жəне Медеу аудандарының аумағында орын алған алаяқтық фактілерімен тіркелген қылмыстық істерді зерттеу үстінде деп хабарлайды NUR.KZ.

"Дәлірек айтқанда, алаяқтар жасанды төлқұжат жасау арқылы телефондарды заңсыз несиеге алған. Кейін ол телефондарды үшінші бір адамдарға сатып отырған", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры Олжас Шарипов.

Осыған байланысты, оқиға сақшылары алаяқтарды таныған немесе жасырынған мекен-жайларынан хабардар адамдарды, сондай-ақ, осындай факторлардан зардап шеккендерді мына нөмірлерге хабарласуын өтінеді: 8-702-488-25-43, 8-705-111-11-93, 254-49-82 немесе 102.