Алматы облысында 19 жастағы келіншек баласын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

12 октября, 18:17
0 1

Полицейлер өз баласын өлтірген деген күдікпен 19 жастағы келіншекті ұстады деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

10 қазанда Талғарға қарасты аудандардың бірінде бір жарым жасар баланың өлімі тіркелді. Сот-медициналық тексерістердің нәтижесі бойынша балада буындырып өлтіру белгілері бар. Полицейлер «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Өте ауыр қылмыс жасағаны үшін 19 жастағы келіншек ұсталды. Қазір айыпталушы уақытша қамау изоляторына жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Талғар аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды», – деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

sn.kz