Белгісіз біреу оралдық тұрғынның есепшотынан 17 млн теңге жымқырған

12 января, 22:25
0 1

Ішкі істер органдары осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға желтоқсан айында болған. Әйел адам интернеттегі жарнама сайттарына «пәтер сатамын» деп хабарландыру берген. Іле-шала белгісіз біреулер «мүлкіңізді сатып аламыз» деп хабарласқан.

Ақшаның бір бөлігін алдын ала салып жіберу үшін үй иесінің жеке куәлігі мен банк картасының нөмірін сұраған. Қаперінде ештеңе жоқ азаматша жеке құжаттарын фотоға түсіріп, «WhatsApp» желісімен бейтаныс адамдарға жіберген. Ал, алаяқтар деректерді мобильді банкингке тіркеп, әйел адамның депозиттік шотынан 17 млн.теңгесін алып қойған. Әрі банк қызметкерлерінің өзіне түспеу үшін қаржыны бір күнде емес, араға уақыт салып, аз мөлшерде алып тұрған.

Нұрлан Бисенов, Орал қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары:

- Негізгі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлімі бойынша алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

kaztrk.kz



Пікірлерді көрсету (0)