Шымкентте той үстінде қаза тапқан жігіт жолдастың жақындары шу шығарды

12 января, 15:16
0 1

Шымкентте үйлену тойында қаза тапқан жігіт жолдастың өліміне қатысты іс төбелеспен аяқталды. Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

2016 жылдың 8 желтоқсанында досына жігіт жолдас болған Бахадыр Файзиев той үстінде қылмыскерлер қолынан қаза тапты. Жігіттің өліміне Әбеновтер әулеті мен Бақытжан Қошқаров есімді азамат күдікті саналған.

Тойда Әбеновтердің бірімен сөзге келіп қалған Файзиев пышақ жарақатынан көз жұмды. Судьяның айтуынша, Файзиевтер мен Әбеновтер арасындағы текетірес 2013 жылдан бері созылып келеді.

Қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Соттың үкіміне көңілі толмаған жәбірленуші тарап сот залында төбелес шығарып, іске күзетшілер мен полицейлердің араласты.