Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

01 декабря, 16:06
0 1

Egov.kz веб-сайтының ақпаратынша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2019 жылдың соңғы айында 12 күн демалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жылдағы дәстүр бойынша, қыстың алғашқы айында Қазақстан тұрғындары екі үлкен мейрамды - Тұңғыш Президент күнін және Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

Тұңғыш Президент күні биылғы 1 желтоқсан жексенбіге сәйкес келіп, отыр. Сондықтан 2 желтоқсан дүйсенбі сәйкесінше демалыс күні болып саналады.
Айта кетерлігі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арналған мереке 18 жыл бұрын, жаңа ХХІ ғасырдың басында атап өтіле бастады.

Бұл күні бүкіл қазақстандықтар Тұңғыш Президенттің мәртебесін атап өтуге арналған түрлі шаралар өткізеді.

Естеріңізде болса, осыдан 28 жыл бұрын, 1 желтоқсанда ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі алғашқы президенттік сайлауда жеңіске жетіп, ел президенті болып сайланған болатын.
Сонда Елбасы сайлауда 98,7% дауыс жинады.

Ал биылғы Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан дүйсенбіге сәйкес келіп отыр. Мереке құрметіне қазақстандықтар дүйсенбі және сейсенбі күндері демалатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2020 жылы ел тұрғындарының қалай демалатынын хабарлаған едік.

KAZ.NUR.KZ порталы күнтізбеде ел тұрғындары үшін қанша демалыс күндері мен мерекелік күндер бар екенін анықтаған болатын.