Ғалымдар жыныстық қатынастың қалай пайда болғанын анықтады

12 июня, 12:55
0 1

Француз ғалымдарының пікірі бойынша, секс көпжасушалық ағзаларды онкологиялық-инфекциялық нысандардан қорғау үшін пайда болған. Әрбір жаңа адамның геномы жұқтырма аурулардың алдын алып, оны қорғау механизмдерін дамытуға мүмкіндік береді, деп жазады Gazeta.ru.

Ядролық ағзалар арасында жыныстық көбею басым болады. Алғашқы жыныстық репродукциялы организмдер 540 миллион жыл бұрын пайда болды.

Сонымен қатар, жыныстық көбею - бұл әлдеқайда тез және тиімді процесс. Осылайша, қолайлы жағдайларда бактериялардың саны әр 30-60 минут сайын екі есеге дейін өседі.

Кей ғылыми зерттеулерде секс және жыныстық көбею организмдердің патогендік микробтарға бейімделуінің нәтижесінде пайда болған деп жазады.

Аскетикалық көбеюден кейін ұрпақтар ата-аналардың барлық қасиеттерін иеленеді, кейбіреуі ата-анасының бойындағы ауру белгілеріне қарсы тұра алатындай боп дүниеге келуі мүмкін.

Алайда, жыныстық көбею барысында тұрақты популяцияда неліктен сақталатынын түсіндірмейді. Монпелье университетінің француз зерттеушілері жыныстық қатынасты рак клеткаларының өздері немесе кластерлері бір адамнан екіншісіне жібере алатын «жұқпалы» аурулардан қорғау үшін қажет деп есептейді, ал алушы адамда олар иммундық жүйе арқылы қабылданбайды, керісінше қатерлі ісіктің дамуына әкеп соғады. Зерттеу PLoS Biology журналында жарияланды.

Жұқпалы қатерлі ісіктің үш түрі белгілі: иттің венерологиялық ісіктері, Тасмандық малғұнның бет ісігі және екі жақты моллюскалардан өтетін ақ қан. Қазіргі уақытта адамдарда онкологиялық аурулардың ешқандай түрі табылған жоқ.

«Көпклеткалы жануарлардың секспен тұрақты не үшін айналысатынын ғалымдар ешқандай теория арқылы түсіндіре алмады. Жалпы жануарлар болсын, адам болсын, секстің не үшін пайда болғанын ешкім нақты білмейді. Біз оның себебін анықтадық», - дейді зерттеуші Фредерик Томас.

Зерттеушілер онкологиялық аурулардың жұқпалы түрлерінің пайда болуы, марсалы жыртқыштар, моллюскалар мен иттердің ата-бабаларымыздың генетикалық әртүрлілік деңгейінің рекордты төмен болуымен байланыстырады. Бұл рак клеткаларының адамның бойына орналасуға бейім екенін білдіреді.

Осының бәрі алғашқы көпжасушалық тіршілікке тән. Олардың арасында генетикалық әртүрлілік дәрежесі төмен болды және дерлік уақыт өзгерген жоқ, сондықтан рак клеткалары бүкіл халықты еркін таратып, кез келген адамды жұқтыруы мүмкін. Генетикалық әртүрлілік дәрежесінің төмен болуына байланысты рак клеткалары халық арасында еркін таралып, кез келген адамның жұқтырып алуына мүмкіндік ашылады.

Сексуалдық репродукция жұқпалы рак клеткаларының қызметін төмендетеді, инфекцияның жекелеген қауіп-қатерін және ата-анасынан таралатын ұрпаққа дейінгі ауруды жіберуінен сақтайды. Сонымен қатар, жаңа генетикалық өзгерістер иммундық жүйенің дамуына ықпал етеді.

«Көп клеткалық ағзалардағы онкогенді процестерді ескере отырып, қатерлі ісіктен қорғану үшін жыныстық көбею жолында үйлесімді ұрпақ алудың қауіпті, бірақ тиімді тәсілі секс деп қарастыруға болады», - деп қорытынды жасады.

 sn.kz