Ғалымдар қанша адамның түрін есте сақтауға болатынын анықтады

11 октября, 19:13
0 1

 АҚШ зерттеушілері максималды көрсеткішті емес, орташа есепті анықтауға тырысса да, адам сенгісіз нәтижеге қол жеткізді, деп жазады The Guardian.

Йорк Университетінің ғалымдары адамның жадында қанша тұлғаның түр-келбеті сақталады деген сұраққа жауап іздеп, зерттеу жүргізді. Олар анықтаған цифрлар таңғаларлық – орташа есеппен адам бес мың кісінің түрін есте сақтай алады екен.

Ғалымдар қатысушыларды жинап, түр-келбетін жақсы білетін адамдардың тізімін жасауға тапсырма берді. Бастапқыда олар достарын, жақындарын, әріптестері мен бұрынғы сыныптастарын санап шығуы тиіс еді. Бұл тапсырмаға бір сағат беріліпті.

Ең төменгі нәтиже – 1000 адам. Ең жоғарғы көрсеткіш – 10 000. Ғалымдардың айтуынша, 10 000-ның өзі шектік мән емес, адамның есте сақтау қабілетіне байланысты одан да асып түсуі ықтимал.

 

sputniknews.kz