Айна Досқызы:"Менің кейбір тренингтерді көріп, ол жерде не оқытып жатқанын білсем, қарным ашады"

13 ноября, 13:52
0 1

“Айна ханым, неше түрлі тренингтер көбейіп кетті, сол дұрыс па?” деген сұрақ көп келеді.

Не дейін... Жоқтан жақсы  бірақ, саны бар, сапасы жоқ дүниелерден аулақ болған жақсы. Ал оларды қалай ажыратуға болады? Тек сол тренингтерге қатысып қана 

Бір нәрсені дұрыс түсініңіз: әр адамның деңгейі әр түрлі. Маған, мысалы, жақсы тренинг табу өте қиын. Соңғы уақытта аз кітап оқитыным да сол - бәрі бірдей нәрсені жазатын сияқты! Бір кітаптан оқығынды екіншісінен көремін. Бір жерде естігенде басқа жерден естимін. Сондықтан, қазір тренингтердің тақырыбына, спикеріне, мазмұнына қарап-ақ оның жақсы не жаман болатынын білемін. Сол себепті маған қазір нақты сұрақпен нақты адамға барып ақпарат алған ұнайды. “Оқушы дайын болғанда ұстаз келеді” дегендей, Калифоннияға сапарым да бекер түспеді деп ойлаймын. Ол жерде тренинг емес, кітап емес, білім иелерінен ақпарат алдым. Бірақ, бұл менің белігілі бір саладағы қазіргі деңгейі басқа саладан түк білмесем (ал ондай салалар да көп сол тренингтерге барып “не деген ақыл!” деп, қолға тиген кітапқа “уау!” деймін.

Сіз де, біріншіден өзіңізге керек деген саланы таңдап, сол тренингтерге барып көріңіз. Тек бірнеше оқудан өткен соң өзіңізді түсіне бастайсыз. Тренинг жаман емес, ол жерде айтылған методика СІЗГЕ келмеуі мүмкін. Ал басқа адамның өмірін өзгертеді! Демек біреулер ақшаны жұмыс істейтін методикаға жаратса, сіз өзіңізге жарамайтын бір тәсілді білгеніңіз үшін ақша жұмсадыңыз. Ол да нәтиже.

Менің кейбір тренингтерді көріп, ол жерде не оқытып жатқанын білсем, қарным ашады. “Қалай адамдардан ОСЫ НӘРСЕ үшін ақша алуға болады?” деп қамданамын. Кейбір СММ марафондардың тапсырмаларын, сабақтарын көрсем (оқушыларым жібереді, “мына айтып жатқаны дұрыс па?” деп), жылағым кеп кетеді ЭЛЕМЕНТАРНЫЙ нәрсе! Бірақ өзіме сол кезде тағы бір рет айтамын - “Айна, өзің элементарның нәрсені үйретпесең, тыныш отыр. Кейбір адамдар соны да білмейді. Кейбір адамдарға керек деңгей де сол” деп.
Одан басқа, тренинг жүргізетін адамның Алланың алдындағы жауапкершілігі бар: барлық адамдардың ниеті бірдей емес. Ал ниетті ажыратып үйерну әлі ешкімнің қолынан келген емес. Сондықтан, әрдайым өз жауапкершілігіңізді сезініп жүріңіз.