Мұрат Есжан: "АЙЫРЫҚША ТАЛАНТТЫ ҚАЖЕТ ЕТПЕЙТІН БЕС ҚАСИЕТ"

11 ноября, 10:59
0 1

1. КЕШІКПЕУ. Уақытында келу. Уақытында бастау. Уақытында аяқтау. Ағылшындарда, тіпті, “дәл уақытында келгенің - кешіккенің” деген сөз бар.
2. ТЫРЫСУ. Барлық жұмысты сапалы істеуге тырысу. Расында, тырысу үшін талант керек емес. Табандылық және жауапкершілік болса жеткілікті.
3. Үйренуден қашпау. Қазір білім тез ескіріп, тез жаңаруда. Мен білем деген тоқмейілсу тоқырауға әкеледі. Сондай-ақ, қазір жан-жақтылықтың құны жоғары. Мысалы, тек қана жаза алатын журналистен гөрі монтаждай алатын, артық тіл білетін тілшінің бәсі әлдеқайда жоғары.
4. АРТЫҚ ЖҰМЫСТАН ҚАШПАУ. Міндетіңе кірмесе де. Мемлекеттік қызметте үлкен жетістікке жеткен екі адамның өз аузынан естіген мысалдарым бар. Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов ағамыз айтады: “Заңгерлік оқуды бітірген соң Қызылордаға жіберді. Прокуратураға кіргелі тұрған жерімнен әлдекімдер жолымды кесіп, мені адвокатураға лақтырды. Ол кезде адвокат деген пенсияға кеткен шал-шауқандар уақытша жұмыс істейтін, айлығы аз, қадірі де, перспективасы да жоқ орын еді. Мен онда барған соң өзіме қосымша тегін жұмыс тауып алдым. Пәлен жыл адам қолы тимеген заңнамалық каталогты реттеуге кірістім. Пәлен ай бойы жұмысқа ерте келіп, кеш қайттым. Сенбі-жексенбі күндері де кеңсеге келетінмін. Сол каталог реттелген соң, заңгерлер әлгіні рахаттанып қолдана бастады. Маған рахмет айтты. Көп ұзамай облыстық прокуратура өздері жұмысқа шақырды”. Ал Шымкенттік атышулы экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахимов бүй дейді. “Алғаш рет мемлекеттік қызметке жай ғана маман болып орналасқанымда, әкем (Сарыағаш ауданына қарасты бір ауылда қарапайым инженер болған кісі) мынадай ақыл айтты: “Қазір сендерде реформа жүріп жатыр. Тапсырма көп болады. Ал сенің қасыңда отырған адамдардың ішінде міндетті түрде кешкі 6-да үйіне қайтқысы келіп тұратын адамдар болады. Сондай кезде өзіңе көп жұмыс алудан қашпа. Біреудің жұмысы болса да істей бер. Күндердің күнінде сен жұмысқа келмей қалсай, бәрі сені керексініп, бәрі сені іздейтіндей болсын. Сонда ғана нәтижеге жетесің” деді. Әкемнің ақылын мүлтіксіз орындадым. Айтқаны келді.” 5. ДАЙЫН БОЛУ (сәтсіздікке, күтпеген кедергілерге, өзгерістерге).