Бейбіт Сарыбай: "Шіркін насыбайың алынбалы салынбалы болса ғой иәә"

07 ноября, 12:28
0 1

Қазақы қалжың
Той басталар алдындағы сәт. Еркін ағамның мұрны жыбырлады. Қалталарын қарап еді өзінде емес екен. Жеңгемізге қарап: - Насыбайымды берші,-деді. Рамазан аға: - Албынбалы, салынбалы ма еді?-деді, әңгімені басқа насыбайға бұрып... Ұлту жеңешем: - жұрттың әйелдері пысық, күйеуінің насыбайын өзімен бірге алып жүреді,-деді. Мен: - Шіркін, шынымен алынбалы-салынбалы болса ғой иә, жеңгелерім насыбайларыңызды алып қалып, сіздерді любой жаққа уайымсыз жібере беретін еді,-дедім. Сол кезде Рамазан аға: - Насыбайыңды алып қалса, любой жаққа бара бергеніңнен не пайда, тіпті, не үшін барасың,-деп точканы қойды.