Айгүл Орынбек: "Төрт қатын алып, көбеюіміз керек”- дейді кейбіреулер"

04 ноября, 18:59
0 1

Орамал таққаннан, әлемде соғыс тоқтап, мемлекетіміз дамып кетсе, тастамай тағып жүрер едім. Іштеріңнен бәрің біліп отырсыңдар, бір шүберек ештеңе шешпейтінін! Ең бірінші жүректегі иманың күшеймей, орамал тақ, тақпа ештеңе өзгермейді. “Біз мұсылман еліміз”- деп өздерін діни мемлекет ретінде жариялаған Ауғаныстан елінің дәл қәзіргі жағдайын көрсеңіздер, менің не айтқым келгенін түсінер едіңіздер. Адам құқығы тапталып, “біз мұсылманбыз”- деп адамдарды қырып жатқан да, сол миы уланғандар. Ойбай батыс кінәлі, бәленің бәрі еуропадан келіп жатыр дейміз. Бірақ бүкіл батыс, еуропа жасаған техникаларын қолданамыз! Иттің құқығын қорғап, жануарлардың өмірі үшін күресіп жатқан еуропалықтарды кәпір деп, өздерін ақтағысы келеді. Сөзі мен ісі сәйкес келмейтін адамдардан шаршадым. Болашақ ұрпаққа ғылымы, білімі дамыған мәдениетті елді қалдырғым келеді. Маған билік, қызмет, атаңқ, даңқ керек емес, маған ұрпақтың өзге ұлтқа құл болмағаны керек! “Төрт қатын алып, көбеюіміз керек”- дейді кейбіреулер, ұрпағыңды құл қылу үшін көбейтіп жатсыңдар ма? Ұрпақты көбейтіп не керек? Егер оған қалдыратын жерің, тарихың, тілің, мәдениетің болмаса? Ислам діні тазалықты сүйеді! Исламды надандықпен, қараңғылықпен былғамаңдар!