Айна Досқызы:"өмір бойы қателескеніміз үшін қоғам сөгіп келеді"

01 ноября, 10:38
0 1

Мен кезде өз елімнің, ұлтымның тек минусын айтатын адам сияқты көрінемін, білемін алайда, олай емес. Біздің қазақта жаман әдет бар ғой (тағы минус па? - баласы жақсы болсын деп ұрыса беретін. Мен де солмын бірақ, “ауруды жасырған өледі” деген тағы бар! Минустарды бұрмалап, плюспен, намекпен айтсаң түсінбейтіндер көп. Себебі бізді қоғам солай тәрбиеледі! Тек айдағанда жүріп үйренгенбіз элементарның мысал келтірейін бе?
.
Американдықтарда бұйрық рай жоқ.
✅ Олар “газонға баспаңыздар” дегеннің орнына “өсімдіктерге өсуге мүмкіндік береік” деп жазады.
✅ “Сызықтан аспаңдар” дегеннің орнына “сызықтың арғы жағында тұруыңызды сұраймыз” дейді.
✅ “Үстелді жинау сіздің міндетіңіз” дегеннің орнына “үстелді таза ұстағанығыз үшін рахмет” деп ескертеді.
✅ “Кешігуге болмайды” дегеннің орнына “сіз басқа адамдарды күттіріп қойғыңыз келмейтініне сенеміз” дейді.
✅ т.б.