Ирина Советжанқызы:" Менің де күйеуімнің жоқтығын- бетіме басып, тұқыртқысы келетіндер бар"

31 октября, 10:46
0 1

"Қайынсіңлім күйеуден қайтып келгенде, бәленің бәрі өзінен деп, жақтырмаған ем, елуден асқанда жас иіс іздеп кеткен күйеуіме қарап, кімді кінәларымды білмеймін" - деген еді бір апай. "Күнделікті ыңқыл-сыңқылымды көтере алмай, ақыры ажырасып тынды" -деді жасы қырықтан енді асса да, онкологиямен жалғыз өзі алысқан бір келіншек. "Туысқан сіңліме күйеуімнің көзі түсіп, ақыры артынан кетті"- деді үш баласын
Жалғыз өзі баққан тағы бір әйел. "Төрт баланы тастап, баяғы махаббатының соңынан кетті келіншегім. Балаларыма түсіндіре алмай жүрмін"- деді бір ағай. Бұлар- менің сюжеттеріме түскен бірқатар кейіпкердің сұхбаты.
Екі адамның ажырасқанын естіп, бетін шымшитындар мен "құдай сақтасын" деп шошына қарайтындар, өздері айтатындай, бүгінгі бүтін күнінің ертең елес болмайтынына сенімді ме? Немесе сырт көзге жап-жақсы жанұя көрінетіндердің "бақытты отбасындағы" өз рөлдерін ойнаудан, жасандылықтан жалығып кететінін біле ме? Айтқым келгені, қыз, ұл өсіріп отырғандар, асылық айтпаса екен.
PS: Менің де күйеуімнің жоқтығын- бетіме басып, тұқыртқысы келетіндер бар. Әркімге түсіндіріп, ақталып жатпайсың. Ол кемшілік емес, тағдыр екенін. 

Инстаграмдағы парақшасынан