Жанарбек Әшімжан: " Сынған қолмен 4 раунд төбелескен ардағым-ай"

28 октября, 11:12
0 1

Тырнағыңа тікен кірсе жан таппай кетесің... Сынған қолмен 4 раунд төбелескен ардағым-ай!Жараланған қолды қолтықтың түбінен шауып тастап,аяғы қақпанға түссе шайнап тастап кетіп майданға қайта кіретін ҰЛЫ БАҺАДҮРЛЕРДІҢ тұқымы!
Алға,БАУЫРЫМ!

Мен Бейжің олимпиадасына барып тұрып қолаға барар жолдағы жекпе-жектеріңнің бәріне куә болғам. Өзгенің туының астында атой салып,дәл іргемізден рингке беттеп бара жатып Көк Туды желбіретіп отырған біз жаққа жасаураған жанарыңмен жалт қарап,қолыңды бізге қарай көтеріп қалған сәтті көріп жылағым келген... Сонда біздің топ "Сәрсекбаев!" деп спорт сарайын азан-қазан етіп жатқан. Кейін өз ұстазын,қолдаған азаматтарды абыройсыздыққа қалдырған Сәрсекбаев сенен садаға кетсін!

Рахмет,БАУЫРЫМ!Елге келдің!Көлденең кедергілерге қарамастан жаныңды жалау етіп жүріп ЖАЛАУЫМЫЗДЫ сан мәрте желбіреттің!
Бәрі үшін РАХМЕТ! 

инстаграмдағы парақшасынан