Эльвира Ерғалина: "Бұл ұлт азаматтары жұмыссыз әйелді аса жақтыра бермейтін боп шықты"

23 октября, 10:35
0 1

Түрік жігіттерінің ең бірінші сұрағы қандай, айтайын ба?

Қазақ жігіттерін де, қыздарын да елең еткізетін тақырыпта, яғни, түрік жігіттері туралы сөйлесейікші
"Олар өмірде де сериалдағыдай сымбатты ма?" деп үздіккен хатты кімнен жиі алатынымды біліп отырсыз. Ал, жігіттеріміз дүңк еткізеді: "Қазақтың намысын таптатпаңыз!" Кім, қашан, қай жерде маған бүтін қазақтың намысын берген ед... жәрәйД!

Сонымен түрік жігіттерінің "атың кімнен" кейінгі ең бірінші сұрайтыны - "жұмыс істейсің бе?".
Бұл ұлт азаматтары жұмыссыз әйелді аса жақтыра бермейтін боп шықты. Шетелдік қыз болса, тіпті! Қай жолмен нан табатынына алаңдайтын болар, бәлкім)
"Мәссаған, әйелдеріне жұмыс істетпейді екен, жасы да, кәрісі де дүкен аралап, ақша жаратеееп жүреді екен" деген қауесет ертегі боп шықты

Мұсылман елі болса да, Еуропаға жақын Измирде ер мен әйелдің қоғамда да, отбасында да рөлі тең секілді. Тіпті, тым любопыттанып аса интим сұрақтармен жеке территорияңа бас сұғатынына дейін теңескен.

Бірақ, адамның бәрі бірдей емес, әрине. Тұтас ұлттың еркегі осындай деуден аулақпын, түркиясүйгіштер, ұрысып жүрмеңіздер

Сонымен... қыздар, жандарым, қазақ жігіттерінің бәрі Тәуекел Мүслім емес екені сияқты, түрік жігіттерінің бәрі Бурак Өзчивит емес. Сымбаттылар басымдау, иә. Астын сызып айта кететін бір дүние бар - түкеңнің азаматтары "ухоженный" боп жүруге ұмтылады

Түрік жігіттері туралы қандай сұрағығыз бар? Жалпы, Түркия туралы не сұрайсыз, жауап берейін.
#ЭльвираТүркияда