Айна Досқызы:"Сен жай ғана ЕҢ КҮШТІ МАМАН болмауың керек, сен ТОП МАМАН болу керексің"

18 октября, 14:28
0 1

Бөтен қалаға келгенде өзіме қоятын бірінші сұрақ: "Осы жерде тұра аламын ба?"
.
Көп жағдайда өзіме "жоқ" деп жауап беремін. Бірақ, Сан Францискода тұрып көруші едім
.
Сан Франциско - Американың ең қымбат қаласы. Нью Йорктан да, Лос Анджелестен де, Майамиден де қымбат бірақ, қорқытатын ол емес. Ең қорқыныштысы - бәсекелестік.
.
Бұл жерде әлемнің ең ақылды адамдары жиналған сияқты. Бүгін АҚШта 25 жыл жұмыс жасап жүрген программист "мен осы уақытқа дейін бір нашар программист көрмедім" деді. Қазақстаннан келіп Американың топ университеттерінде магистр дәрежесін алып, жұмыссыз жүргендер де жеткілікті  Уортон болсын, Браун болсын, Гарвард болсын. Себебі бұл жердің адамдарымен бәсекелесу қиын. Сен жай ғана ЕҢ КҮШТІ МАМАН болмауың керек, сен ТОП МАМАН болу керексің. Ал бұл жай ғана үздіксіз білім алу емес, бұл ТОП КОМПАНИЯЛАРДА жұмыс істеп тәжірибе жинау.
.
Ал менталитетке келсек, бұл жерде менде точно қиындық болмаушы еді маған бұлардың ментелитеттері әлдеқайда жақын.
.
Қысқасы, біздің балаларға оңай болмайды. Олар сұмдық бәскеге толы әлемде өмір сүреді. Оқу керек. Оқыту керек. #techwomen19 

Инстаграмдағы парақшасынан