Бекжігіт Сердәлі: "Халқымызда жоқ кейбір дәстүрлерді салтымызға енгізіп жатырмыз"

17 октября, 11:45
0 1

Өте ұялшақ халықпыз ба деп ойлаймын. Ұят болмасын деп, қарызданып-қауғалансақ та, ай сайын төлеуге жағдайымыздың келмейтінін біле тұра несие алып, 500-600 адамға дастархан жайып, той өткіземіз; ұят болмасын деп, шығынға белшеден батырар, халқымызда жоқ кейбір дәстүрлерді салтымызға енгізіп жатырмыз; ұят болмасын деп, құдамыздың "тым шашылмаңдар, бізде ондай салт жоқ" дегеніне қарамастан, қызымыз үшін ғой деп, бір "камазға" жүк болар жоралғы апарып тастаймыз; ұят болмасын деп, мың қаралы қандастар бас қосқан жерде, бір өзге ұлттың өкілі үшін сол тілде сөйлеп кетеміз; ұят болмасын деп, тағдырына балта шауып, өмірінде мүлдем көрмеген жігітке улап-шулап жүріп біреудің қарғадай қызын "келін" етіп алып қаламыз; ұят болмасын деп, базаршылардың таразыдан алдап тұрғанын білсек те, артық ақшамызды төлеп, қанағат қыламыз; ақырында, ұят болмасын деп, келген келімсекке кертіп жер беріп, бизнесін өркендетуіне жағдай жасаймыз. Қандай ұялшақпыз...
Біртүрлі ұялып тұрмын...

Бекжігіт Сердәлі 

Инстаграмдағы парақшасынан