Назым Қанқожа:"Ешнәрсе ойланбастан жүгіріп барып басқа ұлттың кәсіптерін жүргіземіз"

16 октября, 12:43
0 1

Нью Йоркқа алғаш келгенде адамдардың көптігінен,сапырылысқан өмір мен күндіз-түні тоқтамайтын қыз-қыз қайнаған тіршіліктен қорқып кеткенмін. Мына қалада қалай өмір сүруге болады деген қорқыныш-үрей Америкаға келер кезде болмаған. Ресми түрде 8 млн,ресми емес одан да көп халық тұратын қалада не істеуге болады, басқа ұлттар қалай өмір сүріп жатыр деп қызыға бастадым.

Зерттеп қарасам,Нью Йоркта әр ұлт әр ауданда бірігіп орналасып, бизнестерін өз-өздеріне сатып,кәсіптерін домалатып отыр екен.Брайтон бич районында ТМД елдерінің,соның ішінде орыстар тұрса, өзбектер Куинс ауданының Рего паркінде, испан тілділер Корона деген жерде,Қытайлар біз тұратын Флашинг ауданында, Кәрістер Форт-Ли қаласында, түріктер Клиффисайд парк,Патерсон сияқты ауданда бөлек ел боп өмір сүріп жатыр.

Балаларының бала-бақшасы, мектебі, өздерінің асханасы, ресторандары, дүкендері бір сөзбен комфортты өмір сүруге барлық жағдай жасаған.

Тіпті Форт Лидегі кәрістер өз ұлтының адамдарына үй сатқанда басымдық беріп,банктер арнайы бағдарламалар ұсынады екен.

Осының бәрін көріп тұрып,біздің дамудағы кемшілігіміздің неден екен деген сұраққа картина көзіме көріне бастады.
Біз өз ұлтымыздан, туысымыздан,танысымыздан алғанды жақсы көргенімізбен, бергенді онша ұната бермейді екенбіз. Өзге ұлттар ұқсап тек өз ұлтының адамынан сатып алу, өз адамының бизнесін жүргізу деген принцип жоқ. Қайта солар менен озбасын, байып кетпесін, сол өсіп кетпесін деп тарлықты көп жасаймыз-ау.Ешнәрсе ойланбастан жүгіріп барып басқа ұлттың кәсіптерін жүргіземіз. Өзімізге келгенде қарыз сұрап,жеңілдік бер деп, тіпті тегін бер деп бұлқан-талқан боламыз.Басқа ұлттар қазақтыңкіне барса мың ойланар еді! Әйтпесе үндінің тазалығы онша емес мини-маркетінен де, Қытайдың майда-шүйде зат сатқан дүкенінен де пайда түсіп жатыр.Олар кәсібінің жүретініне сенімді боп ашады, өйткені қолдайтын өз халқы бар, сатып алатын тұтынушысы бар.

Сондықтан оқырмандарым ұлтқа бөлді демеңіздер, қазақ қазаққа ғана керек. Жаныңызда өз қазағың кәсіп ашса барып сатып алып, басқаларды да шақырып дамуына ат-салысыңыздар.Мемлекетті ұстайтын орта тап, оларды көбейту керекпіз.

Ал сіз қандай принцип ұстанасыз?