Айнұр Тұрсынбаева "Көп ұзамай-ақ зәулім үйдің иесі болып шыға келесіз..."

23 августа, 11:42
0 1

Мың пайыз көзім жеткен бір нәрсені айтайын ба?! Адамның барлық арманы орындалады, мақсатына жетеді! Ол үшін не істеу керек? Қатты қалау керек! Түпсананы тазалап сенімсіздіктен арылу керек! Қорқыныштардан құтылу керек! Сосын Алладан ерінбей сұрау керек! "Ол мүмкін емес қой, маған ол қайда, осы күніме тәуба ақша бәрібір жетпейді" деп отыра берсеңіз онда Аллаға сенбегеніңіз.. Әлемнің кез келген миллионерінің өмір тариxын ақтарсаңыз бәрі нөлден бастаған екен.. Тек қана сеніммен әрекет ете білсеңіз болды... Алланың құдіретіне күмән келтірмеңіз! Қалаған нәрсеңізді сұраңыз! Ең бірінші өз миыңызды сендіріңіз! Бірақ миды сендіру қиын, ол үшін не істейміз? Ауызбен айта береміз! Мысалы: "Менің көп қонақ күтетіндей зәулім үйім бар, Алла маған күн сайын бітпейтін несібе беріп жатыр..." Күнде таңертең ояна салысымен және кешке 10 реттен осы сөзді айтыңыз.. Шамамен 2 аптадай уақыт өткенде сіздің аузыңыз осы сөздерді автоматты түрде айтатын болады.. Ауыз автоматты түрде айтатын кезге жеткенде миыңыз осы сөзге сене бастайды.. Ал ми сенді деген сөз, тартылыс заңы жұмыс істейді деген сөз.. Көп ұзамай-ақ зәулім үйдің иесі болып шыға келесіз.. Ертегі сияқты деп сенбесеңіз өзіңіз біліңіз, бірақ 100% жұмыс жасайды.! Алла айтады "бәтенкеге бау сұрасаңдар да беремін" дейді екен.. Тек өзіміз сенбейміз, күмәндәнамыз...Жүрегімізтқалағанмен миымыз сенбей тұрады..Сол үшін түпсанаңызды тазалап алыңыз да алға ұмтылыңыз! Тек қана сеніңіз! Ешкімді тыңдамаңыз! Күлетіндерге өзіңіз күліңіз! Аффирмацияны айтқан кезде көңіл-күйіңіз көтеріңкі болу керек.. Және садақа беруді ұмытпаңыз! Түк таппасаңыз шелпек пісіріп балаларға таратып жіберіңіз... Ал сәттілік! Тек қана алға! Барлық мақсат мұраттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін..  

Инстаграмдағы парақшасынан