Мұхамеджан Тазабеков ажырасудың алдын алуға қатысты ойымен бөлісті

01 августа, 16:05
0 1

Шаңырақ шайқалуының 1000 түрлі себебі бар...
Еркек кінәлі немесе әйел айыпты деп кесіп айту қиын...
Дұрысы, бәріміз кінәліміз.
Себебі, отбасы бақыты - ортақ құндылық. Ұлыңды сәл бостау ұстадың ба, ертең отбасының жауапкершілігін аздау сезінеді...
Қызың тым ерке болды ма, барған жеріне бірден сіңіп кете алмай уайымыңды арттырады...
Тәрбие, тоқшылық пен жоқшылық, сынаққа сабыр, артын күту, маxаббат пен мейірім, ақылды ата, қамқор ене, тілектес ана, үйлестіргіш әке, жанашыр дос, жымдастырғыш ағайын...
Осының бәрі отбасы бекемдігінің алтын қазықтары.
Көшеде бір үй өртенсе, бәріміз жабыла жүгіреміз. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, жанталаса жүріп сөндіреміз...
Ал, айналамызда бір шаңырақ шайқалса ше..?
Ұрыстың алдын алып, түсініспестіктің түбін қопарып, жанұшыра қорғаймыз ба?
Әлде, отқа май құйып, ілініп тұрған нәрсені үзіп жібереміз бе?
Шайқалып тұрған шаңырақ көрсеңіз, оны сақтау жолында сіз не істей алар едіңіз құрметті оқырман, қадірлі достар?

#ынтымақ #бірлік #отбасы #татулық 

Инстаграмдағы парақшасы

"Асыл арна" телерадиокомпаниясының Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Псиxология ғылымдарының кандидаты, PhD. Айтыскер ақын.