"Жан біткен" дүкендегі манекен жұрттың үрейін ұшырды (видео)

09 августа, 17:34
0 1

Дүкен сыртында тұрған манекеннің басын қозғалтқаны бейнеленген видео ғаламторда кең етек жайды. Жансыз қуыршақтың мұндай іс-әрекеті желі қолданушыларының зәресін ұшырды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба YouTube арнасында сәуір айында пайда болғанымен тек өткен аптада басқа әлеуметтік желілерге тарай бастады.

Кадрда дүкеннің сыртында тұрған манекеннің бір кезде басын видео авторы жаққа бұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары мұндай тылсым дүниеге таңырқай қарап, мұның себебін іздей бастады.

"Қараудың өзі қорқынышты", "Мен видеоны мұқият қарап шықтым. Ешқандай қулық жоқ", "Қорқынышты. Бірақ көліктің әйнегіне тиген жауынның тамшылары осындай әрекетті көруге себепші болды деп ойлаймын", - деп жазды олар.