Міне, саған, қауіпсіз Қазақстан!

01 декабря, 13:02
0 1

... Өткенде телефонымды жоғалтып алғанымды жазған едім ғой, қапылып жүріп түсіріп алған шығармын деп, өзімді жазғырып жүрсем, сөйтсееем, бақсам, бақа екен демекші, оны кәнігі ұрылар ұрлап кетіпті. Өткен жолы полиция бөліміне барып тұрып арыз жазбай кеткенім бекер болыпты, кейін электронды поштама менің сол телефонымнан инстаграмм парақшаларымның біріне кіргені туралы хабар келді, сол күні барып арыз жаздым, Гүлжан досым айтпақшы, имей-кодпен тауып берер дегенмін. Бірақ құрметті полицейлерден дәл ертеңгі күні бұл істің жабылғаны туралы смс келді. Жарайды дедім, сасық етке тұмсығы жетпеген мысық құсап: "Ол өзі де шаршааап жүрген телефон еді" деп, бір уф деп қоя салдым.
Содан күні кеше қарбаластың арасынан бір-екі сағат «окошка» тауып, телефонымды жоғалтып алған жердегі балабақшаның камерасын қарамаймын ба. Мәссаған, бір еңгезердей жігіт менің көліктен түскенімді аңдып тұрды да, мен кіріп кеткенде лып етіп көлігінен түсіп, менің машинамды өзінің (!!!) қолындағы пультпен ашып, асықпай көлігіме кірді де, сумкамды ақтарды, сумкадан ештеңе таппады-ау деймін (ілкіде әмиянды жоғалтқаннан кейін «тірі» ақша ұстамаймын), ұялғанынан телефонымды алып кетіпті))) Ұрлықшыдан ұят болды, бұдан былай әмияныма ақша салып жүретін шығармын)))
Содан менің көлігімнен шығып, оны өзінің (!!!) пультімен жауып, өз көлігіне барып отырды! Міне, саған, қауіпсіз Қазақстан! Айдың күні аманында көлігімді ашып, ішінен асықпай зат алған қылмыскерге мен не істей аламын? Бұл жолы полицейлерге тағы арыз жаздым, айқын айғақты қолдарына ұстаттым, енді нәтижесін күтемін.
Ең "қызығы", оның машинасы крутой екен, онікін сатып, менікіндей 3-4 машина сатып алуға болады. Алла, аузыман сөз түспеді ғой, соны көргенде((
... Жарайды, сол телефонды — күні-түні ұйқы көрмей еңбек етіп, маңдайымның терімен, көз майыммен, табан ақыммен тапқан ақшаға алынған телефонды екі иығына екі кісі мінгендей сол еңгезердей жігітке (мігітке!) бере қойдым. Жігіттер-ақ қиналмай тамақ ішіп, қиналмай ұйықтасын, құдайдан қорықпай....
Мені қорқытқаны — қылмыскерлердің айдың күні аманында балабақшаның қасында жүргені. Бүгін ол телефон ұрлайды, ертең жұрттың машинасына қол салады, содан кейін балабақшадағы балаларға.... Е, Алла, сенен басқа біздің қорғанымыз жоқ, балабақшадағы балаларды өз қамқорлығыңа ала гөр!

Фейсбуктегі парақшасынан