Тарих сахнасына сол мақаулар келе жатыр, сұм жүрегім әлденені сезеді

08 ноября, 22:36
0 1

Кейде шешемді, кейде әжемді ертіп етке базарға барамыз. Сонда ол кісілер етті таңдап ұзақ жүреді. Мен тек грузчикпін және шопыр. Басқасы қолымнан келмейді екен.
Ал ана кісілер етті мүшелеп тұрып, оның жас - кәрі екендігін, арық - семіз, қымбат - арзан екендігіне қатты қадалады. Мен ет танымайды екенмін, мен үшін қызылдың бәрі ет, ағы болса ол окорочка.
Өткенде жұбайымды ертіп ет базарға бардық, ол да ет танымайды. Сосын мен өзімше қоқиып бір сатушыға жақындап білікті түрмен "мына белдемені қаншаға беріп тұрсыз сонда" дедім, және өзім соны қатырып тұрмын деп ойлап тұрған едім, сөйтсем ол "аға бұл жамбас қой, ол түгенше, ал мына төспен омыртқа пәленше" дегенде менің бұл саладағы бар білімім осы жерден таусылып "ааа, ооо, ыыы" міңгірледім де берген бір қызылды тамаққа ыңғайлап қанағат тұтып бергенін алдық та кеттік.
Ал ана кісілер мықты екен, әжем мен шешемді айтамын. Олар еттің нағыз мамандары. О кісілердің алдарына фартук орап ет сатқызып қойсаңыз да болады екен, сатушы келіншектермен бір тілде сөйлеседі.
Менің жалпы түсінгенім; үлкен буын қазақ әйелдері лапкадағы етке фшик деп бір қарайды екен де оған миы сол жерде дереу автоматты түрде тырт - тырт деп скан жасап әлденеше секундттар ішінде мынадай түйін түйіп үлгереді екен;
- мына жамбасты анасымен бірге қосып табақ қып жіберсем,
- құдаларға мына белдемеден екі табақ шығарсам,
- мынау мойын фаршқа жақсы екен, турап жіберу керек,
- мына қазы қартаны нағашы жегжаттарға ыңғайлайын.
- мына қабырғаны қуырдақ қып ана жүгірмектерді қуырдаққа шақырсам ба екен,
Менің аңғарғаным, бұл кісілер үйдегі дастарқандағы табақтың тәртібін сол жерде ет базарында айырып тұрады екен.
Осыны қазір көп жастар білмейді мысалы, етті кейбіреуі тіпті "беш" дейді. Бұлар енді таза мақұрымдары.
Келешекте тіпті қонақ шақырарда жалға пұлын төлеп мамандар шақыртып дастархан рәсімдейтін кезеңге де келе жатырмыз ау дим..
Біз де жұбайымыз екеуміз сондай мақаудың біріміз. Тарих сахнасына сол мақаулар келе жатыр, сұм жүрегім әлденені сезеді. Ертең қазақ дастарханында бір бардак басталғалы тұр.

SOS, SOS.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан