Жауапсыз махаббат осылай жазылады. Бір адамға тәуелділіктен осылайша құтыласың

09 октября, 09:33
0 1

Жауапсыз махаббат

Көңіл түкпірінен орын алған адамды оңайлықпен ұмытпайсың. Әсіресе, есің кете, жан-жүрегіңмен құлай сүйген жанды ұмыту қиын. Қолыңды сілтеп кеткеннен ұмытыла салса, қанеки?! Кейде оның бейнесі бірнеше жыл көкейіңнен кетпей, тұрып алатыны бар. Бір күні сезім өшті, ұмыттым ғой деп ойлайсың. Бірақ... Кездейсоқ жолығып қалсаң, интернеттен суретін көріп қалсаң, я болмаса ескі дыбыстамасын тауып алсаң, жүрегің дір етіп, қолың қалтырап кетеді. Бітті... Бәрі басынан бастала салады. Көз жасыңа ерік беріп, қайғы-мұңға желініп, бір бокалдан соң екінші бокалға ұмтыла бересің. Түн баласы темекі тартумен өтеді. Жадыңда жаңғырған ескі естеліктер ұйқыңды ұрлайды.
Бір күні таксиде келе жатып, я болмаса таңғы кофені сораптап отырып, яки дүкенде кезекте тұрғанда жүректің босап қалғанын түсінесің. Біротала. Дым сезім жоқ. Өзің де сене алмай оның парақшасына өтіп, бар суретін ақтарып шығасың. Бітті. Сезім өшті. Ұшты-күйлі жоқ. Жүрек ауырмайды. Жылағың да келмейді. Көшеде көріп қалсаң да, жүрек баяғыдай атқақтап кетпейді. Міз бақпай тұра береді. Жауапсыз махаббат осылай жазылады. Бір адамға тәуелділіктен осылайша құтыласың. Өстіп бүгінгі сезімің өткен шаққа сырғып өтеді.
София Кошкина
Аударған @shinarabelda

Shynar Ábildá
Фейсбуктегі парақшасынан