Уот, сол көпірдің ақшасына сендерді күтіп жатырмыз...

11 сентября, 09:30
0 1

Қазақтар Жапонияға тəжірибе алмасуға барыпты. Жапондар күшті күтіп алыпты. 5 жұлдызды қонақ үй, мынауский үш мезгіл тамақ т.б. дегендей. Қазақтар: "мұның бəріне ақшаны қайдан алдыңдар?" - деп сұрапты. Бір жапон терезені ашып жіберіп: "Ана көпірді көріп тұрсыңдар ма? Үстінде бір фура кетіп бара жатыр. Əр фурадан 1$ аламыз. Сол ақшаға міне пажалыста шикарно дастархан, қонақ үй..." - депті.
Содан жапондар Қазақстанға келіпті. Қазақтар жапондардан асырып күтіпті. Енді жапондар сұрапты: "Откуда берется эти бешеные деньги?"
Сөйтсе, қазақтар терезені ашып жіберіп: "Көпірді көрдіңдер ме?" - депті. Жапондар:
- Көпір көрген жоқпыз. Қандай көпір? - деп жатса, қазақтар:
- Уот, сол көпірдің ақшасына сендерді күтіп жатырмыз - дееепті.

Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан