Көкелерінің арқасында ұлттық құраманың жейдесін киіп алып, қайқаң қаққан подоноктарды көргенде...

11 сентября, 09:27
0 1

Кешелі бері еш көңіл күй жоқ. Қазақстан футболшыларының кешегі Ресеймен, бүгінгі Израилмен болған ойындары қанша жылдан бері пайда болған үміт отын қайта сөндіргендей, өте бір жаныма батқан матчтар болды. Физикасы нөл, психологиялық шыңдалудан өтпеген ойыншылардың ұлттық құрамада қалай ойнап жүргеніне қайран қалдым. Ес білгелі жанымызды тілгілеп, жүрегімізді ауыртумен ғана келе жатқан қазақ футболы Стоиловтың кезінде ғана бір сілкінгендей әсер қалдырып еді. Кешегі Ресеймен болған кездесу де, бүгінгі U-21-лер де Қазақстанға әлі шабуылға құрылған футболдың ауылы алыс екенін тағы бір аңғартқандай болды. Екі құраманы қоса санағанда алаңда еркін қозғалатын бес ойыншы табылмайтын бұл құрамалардың көздегені не сонда? Әке-көкелерінің арқасында ұлттық құраманың жейдесін киіп алғанымен қоймай, жеңілгеннен кейін басын кегжите ұстап, қайқаң-қайқаң қағып кетіп бара жатқан подоноктарды көргенде...ызадан жарылуға шақ қалам. Ал біздің қайсыбір спорт журналистері мен комментаторларымызды "жеңіске бергісіз бұл жеңілістер" ойландырмақ түгілі, бұрынғыдан да бетер шабыттандырып жіберетінін мен өмір бақи түсінбей-ақ өтетін шығармын.

Dauren Berikqazhyuly
Фейсбуктегі парақшасынан