Арсыздық пен намыссыздықтың дәлелдерін де оп-оңай тауып алатын болдық

11 сентября, 09:18
0 1

Өз ойым

Қазір ақпарат заманы дейміз. Рас, ақпараттық технологиялар бұрыннан келе жатқан көптеген проблемаларды шешуін шешті. Бірақ соның есесіне психологиялық проблемаларды көбейтіп жіберді. Интернеттен қазір қандай ақпарат іздесең де оп-оңай табасың. Сонымен бірге екіжүзділік пен есерліктің, сенімсіздік пен күмәншылдықтың, мақтаншақтық пен өзімшілдіктің, арсыздық пен намыссыздықтың дәлелдерін де оп-оңай тауып алатын болдық. Ең қауіптісі – осы.

Мұрат Мұқаш
Фейсбуктегі парақшасынан