Қазақтың ұлы, ақ жаулықты апасын көзді ашып-жұмғанша орыстың табанына салып берді

10 сентября, 11:32
0 1

Автобустағы билет кесуші жас жігіт, мен секілді әйелдер мінгенде қолтығынан демеп:"Абайлаңыз,құлап қалмаңыз?"- дегеніне бір риза боп отырдым. Бірақ, аялдамаларды орысша айтады екен. Бажайлап қарасам, бір ғана орыс әйел отыр. Түсіп бара жатып иығынан қағып:"Балам, аялдамаларды қазақша айт. Ұлт намысында сендердің де үлестерің бар?"- дегеніме, түскелі тұрған орыс әйел адырая қарады. Автобусымнан түсіп бара жатсам, әлігі жігіт маған өшіге қарап, қайта орысша тақылдасын?! Қатарласа түскен орыс әйел бетіме тіктеп қарап, ащы мырс етті. Қара жер қақ айырлмады. Қазақтың өрімдей ұлы, ақ жаулықты апасын көзді ашып-жұмғанша орыстың табанына салып берді. Міне, біздің "болашақ"?!

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан