Дүбәрә балалар қала тұрмақ ауылдарда да пайда болып жатыр

09 сентября, 11:10
0 1

Кеше бір апаймен жолды бірге келдім. Немересімен жол бойы орысша ғана сөйлесіп келді. "Мектепке орыс сыныбында оқиды, үйде әке-шешесі де орысша сөйлейді"-дейді.
Енді тым болмаса сіз қазақша сөйлеспейсіз бе,- десем,- бұл бала қазақша мүлде түсінбейді,- дейді әлгі апай
Осындай дүбәрә балалар қала тұрмақ ауылдарда да пайда болып жатыр екен.
Менің ауылымда орыстардың өзі қазақша мақалдап сөйлейтін таза қазақи ауыл. Сол ауылда туып, сол ауылда өсіп келе жатса да қазақша түсінбейтін бала бар екен десе сенесіздер ме?
Мәселе былай болыпты. Ата-анасы баланы туы сала смартфонмен тәрбиелепті. Смартфонға түрлі мультфильмдерді жүктеп баланың қолына жыламасын деп беріп қояды екен. Сөйтіп жүргенде баланың тілі орысша шығыпты. Теледидардан да спутник арқылы тек орыс тіліндегі арналарды ғана көріп өсіпті.
Енді сол балаға ата-анасы енді қазақша үйрете алмай әлек болып жүр екен.

Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан