Бір-бірімізді алалай берсек, тарыдай шашылып кетеріміз анық

09 сентября, 10:49
0 1

" Әр қазақ - менің жалғызым". Осы принцип біздің басты аксиома болуы қажет. Неге? Біріншіден, біз азбыз, санымыз дүниедегі бір қаланың аумағына сиып кетеді. Екіншіден, ұлттық бірлік пен бірегейлік қана мемлекеттің негізі бола алады. Үшіншіден, егерде болсын-болмасын, бір-бірімізді алалай берсек, ұлттық интеграция сезімінен айрылып, тарыдай шашылып кетеріміз анық.
Төртіншіден, саясатқа араласу дегеніміз алдыңда тұрған қазақты жегідей жеу емес,дискуссия арқылы ортақ мәмілеге келу. Қанша саяси көзқарас алшақтығы болғанмен, ұлттық бірлік пен концентрация сезімі басты принцип болуы керек.
Ең негізгісі, біз жаңа саяси формацияға көшіп барамыз. Саяси эволюция заңды қүбылыс. Осы кезеңге сәйкес саяси мәдениет деңгейіне жету керек. Басқа адамның позициясымен келіспесе де, сол позицияны сыйлау парасаттылықтың жоғарғы сатысы. Үйрену және тағы үйрену қажет. Саясатпен айналысу ұлттық дезинтеграцияға жол ашу емес, бірлесіп, болашаққа жол іздеу...

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан