Шылқыған байлықтың үстінде отырып, отыз жылда осы деңгейге жеттік

09 сентября, 10:44
0 1

Автобусқа мінген оқушылар арасынан бір бала:"5 жастамын"- деп, ақша төлегісі келмеді. Арқасында кітап толы рюкзак. Билет кесуші жігіт:"Төлегің келмесе отыра бер. Бірақ өтірік айтпа, келістік пе?"- деп күліп, өтіп кетті. Қасындағы бала:"Өй, оқушы екенің көрініп тұр, неге өтірік айтасың?"- дегеніне,-"Үйде ақша таусылды. Сабақтан қалғым келмеді."- деген жауабын естіп, жүрегім зырқ етті. Мұңайып, жерге қарап отыр. Көзі жасқа тұнған. Өзінше білдірмей жеңімен көз жасын қағып қояды. Киімі тым жұпыны. Иә, шылқыған байлықтың үстінде отырып, отыз жылда осы деңгейге жеттік.

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан