Мен оқушылардың класта еден жууына қарсымын

06 сентября, 22:31
0 1

Мен оқушылардың класта еден жууына қарсымын.
Біріншіден - оқушылардың уақыты аз. Қосымша оқулары бар, спорт, музыка және басқа да үйірмелері бар. Олар космостық жылдамдықта жүрген балалар.
Екіншіден - гигиена жағынан да дұрыс емес. Қазіргі балалар жұқпалы ауру көп тараған ортада өмір сүруде. Туберклезбен ауырған мұғалімдер туралы жазылды ғой... және экологиялық ахуалды ескеру керек.
Үшіншіден - қауіпсіздік сақталынбайды. Қазір еден жуғанда химиялық зиянды сұйықтар қолданылады. Мектеп сол оқушыларға күнде таза тряпка бермейді.
Төртіншіден - еден жуу оқушылардың міндетіне айналса мұғалімдер бұл тәртіпті жазалау, өш алу құралына айналдырып жібереді. Мұғалімдердің бәрі әділетті емес , көбінің жүйкелері тозған, балаларды алалайтын, әлеуметтік жағынан бөлетін, пайда іздейтін, қорғансыздарды кемсітетін мұғалімдер де жеткілікті.
Бесіншіден - Совет кезеңімен бүгінгі уақытты салыстырмаңдар!
Себебі советтік мектептер мың есе гуманный, мың есе білімді болды.
Балалар да басқа болды.

Айгүл Асылбекова-Нөкербаева
Фейсбуктегі парақшасынан