Нағыз еркектен шіркін-ай, қыз туады екен ғой...

06 сентября, 18:58
0 1

Тұрмысқа шықпаған, ақылына көркі сай, өте бiр сұлу қыз, медреседе білім береді. Бір күні əріптестері одан не үшін осындай сұлу, тəрбиелі бола тұра тұрмыс құрмай жүргенін сұрайды.

Жауап ретінде ұстаз қыз, мына оқиғаны баяндайды.

-Баяғыда бір əйелдің бес қызы болған екен, алтыншысына аяғы ауыр кезде жолдасы, егер тағы қыз тусаң, көзін құртамын деген екен.

Уақыты келіп əйел тағы қыз босанады. Күйеуі қызды алып таң намазында, мешіттің есік алдына қояды.

Түн бата, құптан намаздан соң қараса, қызды ешкім алмаған соң қайтадан үйіне əкеледі.

Дəл осылай бір апта жалғасады, нəтиже болмаған соң, қызды өздерінде қалдырады.

Анасы қатты қуанады, бір жыл өткен соң анасының аяғы ауырлап, бұл жолы ұл босанады.

Ұл босанған кезде, үлкен қызы қайтыс болады. Осылай жүріп тағы төрт рет көтеріп ұлды болады. Əр ұлы туылған сайын бір қызы қайтып отырады. Тек алтыншы қыз ғана тірі қалады.

-Ал сіздер білесіздер ме, сол алтыншы қыздың кім екенін - деп сұрайды ұстаз!

-Ол мен.

Менің тұрмысқа шықпай жүрген себебім, күнде əкеме қарап, оған қамқор болып жүрмін.

Ал менің бауырларым, бір айда бір келіп, кейбіреулері екі-үш айда бір келіп тұрады.

Ал əкем, күнде өкініштен жылап отырып, маған істеген ісі үшін былай дейді:

-"Еркектен еркек туады" - деушi еді, жалған-ау...

Нағыз еркектен шіркін-ай, қыз туады екен ғой...

Nurzhan Masgut
Фейсбуктегі парақшасынан

Nurzhan Masgut
Фейсбуктегі парақшасынан