Заң тарапынан қатаңдау шара қолданбаса баласының обалына қалатыны анық

06 сентября, 18:50
0 1

Бердібек Сапарбаев өте дұрыс айтыпты. Өйткені теріс діни ағымның ықпалында кеткен бір жігітті жақсы танимын. Сол жігіт 2-сынып оқитын қызын мектепке хиджап кигізіп, орамал тағып жібереді. Кезінде әлгі жігіт "таблиғи-жамағат" экстремистік тобына кіріп, ел-жұртты аралап дағуат жасап қаңғырып кететін. Мешітте имамдармен ұрсысып, туыс-туғанымен араласпай, діни аддикцияға ұшырап, өзінен басқаның бәрін шайтан көріп, өте агрессивті мінез танытатын. Бүкіл туыс-туғаны мен қауіпсіздік қызметінің адамдары қанша түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де тыңдамай, отбасын тастап дін тарату үшін ауылдарды аралап қаңғырып кете беретін. Сол жылы оның жамағатында жүрген бірнеше адам ұсталып, бас бостандықтарынан айырылып, 1жылдан 3 жылға дейін сотталып кетті. Сот әлгі жігітке аяушылық жасап, жазасын қоныс колониясында 1 жыл мерзімге үкім шығарды. Түрмеде онымен жеке сөйлесіп жұмыс жүргізген теологтың айтуынша ол өз идеологиясында тым қатып қалған,біздің зайырлы мемлекетті кәпір мемлекеті ретінде түсінетінін айтқан еді. Әлгі жігіт түрмеден жазасын өтеп шыққан соң "таблиғи жамағаттан" кетіп, псевдосалафилік жамағаттың қатарына қосылып кетті. Бірде осы хиджап мәселесі бойынша онымен мешітте кездестік. Теолог пен психолог оған балиғат жасына толмаған кішкентай қыз балаға исламда ормал тағудың парыз емес екендігін, ал білім алудың Құранда "ОҚЫ" деген аяттан басталатынын айтып, білім алудың маңыздырақ екенін түсіндірді. Теологтармен айтысып тартысып сөзден әбден жеңіліп қалған әлгі жігіт бір кезде ашуға беріліп өзінің шынай бет пердесін ашып қойды: Мен қызымды хиджап кигізіп осы кәпір мемлекетке өз қарсылығымды көрсетуге до конца пайдаланамын,-деді. Міне осындай әсіредіншілдердің баласын мектепке хиджап кигізіп жіберудегі негізгі мотиві біздің мемлекетімізге қалай да бір зиянын тигізуге тырысу. Дәл осындай діншілдерді теолог тарапынан зерттеп, Сапарбаев айтқандай заң тарапынан қатаңдау шара қолданбаса баласының обалына қалатыны анық.

Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан