Ақшаны шет елден әнші шақыруға емес, жазушы шақыруға шашсын. Қызғанбаңыздар

06 сентября, 17:59
0 1

АЗИЯ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ТУРАЛЫ

Біздің қазақ әдебиеті 60-90 жылдары керемет дамыды. Сол әдебиеттің өкілдерінің қазір де көзі тірі және әңгімелесе кеткенде (Дулат аға сияқты) жазушылар жыр қылып айтып жүреді: ол кезеңдерде жазушыларға гонорар өте көп болды, бүгін астанада өтіп жатқан форум сияқты жиналыстар да жиі болатын. Ол үлкен тәжірибе алаңы - жаның түсіністік табатын, тілектес, пікірлес адаммен жарты сағат өкізудің өзі жазушыға қанат бітіреді, шабыт беріп, жаңа көкжиектерге жетелейді. Талай жыл болды, қазақ жазушылары шет елдік жазушылармен пікір алмасудан, шет елге саяхат жасаудан шет қалды. Оны қоя бер, тіпті жарытып гонорар алмайтын болды. Материалдық жағынан тәуелді адам барлық жағынан тәуелді бола бастайтыны да бәрімізге аян. Материалдық жоқшылық періштенің өзін жолдан тайдыратыны ешкімге де өтірік емес. Соның әсерінен де, қазіргі әдебиетте, айт дегенді ғана емес, айтқысы келетінді айтатындар аз қалды. Олар шын жанкештілер. Шоу бизнестегілер екі сағатта баленбай гонарар алса, сол ақшаны жазушылар жарты өмірін арнаған кітапқа алады.
Айтайын дегенім өскісі келетін қоғам ақшаны шет елден әнші шақыруға емес, жазушы шақыруға шашсын.Одан жаман болмайсыңдар. Қызғанбаңыздар.

Бану Даулетбаева
Фейсбуктегі парақшасынан